Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Халықаралық валюта қорының Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Николя Бланшемен келіссөз жүргізді.

Премьер-Министрдің айтуынша, сыртқы сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстан экономикасы оң өсу қарқынын сақтап отыр, атап айтқанда қаңтар-сәуір айларында өсім 5%-ды құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша республикаға соңғы 10 жылда $28 млрд деңгейінде тікелей шетелдік инвестициялардың рекордтық көлемі тартылды.

Сонымен қатар Үкімет ұлттық экономиканы одан әрі дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Мәселен, биыл фискалдық саясатты жақсарту мақсатында жаңа Салық және Бюджет кодекстері әзірленді, олар мұнайға қатысты емес тапшылықты ЖІӨ-нің 5%-на дейін төмендетуге ықпал ететін болады.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Қазақстан баламалы энергия көздеріне кезең-кезеңмен көшіп, экономиканың энергетикалық тиімділігін арттырып жатқанын айтты.

Толығырақ:

https://primeminister.kz/kz/news/alikhan-smayylov-khvk-nyn-kazakstandagy-missiyasynyn-basshysymen-kezdesti-24371