
2023 жылғы 1-2 маусымда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Б.Атамқұлов Наманган облысына жұмыс сапарымен барды.
Облыс әкімі Шавкатжон Абдуразақовпен кездесу барысында Наманган облысы мен Қазақстан аймақтары арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды. Аймақ басшысы өңірдің бүгінгі экономикалық әлеуеті, тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындар қызметі, сондай-ақ Наманганда өтіп жатқан 62-ші Халықаралық гүл фестивалі туралы хабардар етті.
Ауыл шаруашылық, жеңіл және отын өнеркәсіп, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салаларындағы өзара ынтымақтастықтың перспективалық бағытына назар аударылды.
Кездесу қорытындысында тараптар Наманган облысы мен еліміздің облыстары арасында бауырлас қала қатынасын орнату және Наманган мен Алматы арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндіктерін қарастырды.
Сапар аясында Б.Атамқұлов «Наманган» арнайы экономикалық аймағында болып, жергілікті ерлер және әйелдер киімдерін шығаратын "Fazman Textile" ("Hugo Boss" серіктесі), Ideal, IMIR, Art Soft Holding тоқыма компанияларының, сондай-ақ «Чусттекстиль» бірлескен кәріс-өзбек «УзЧасыс» автокөлік жарықшамдарын шығаратын зауыт пен т.б. кәсіпорындардың қызметімен танысты.
Кәсіпорын басшыларымен болған кездесулер барысында тараптар екі елдің нарықтарында тауар айналымын ұлғайту және тауарлар мен қызметтерді ілгерілету бойынша компаниялардың айтарлықтай әлеуетін атап өтті.
Облыс әкімінің шақыруымен Елші 62-ші Халықаралық гүл фестивалінің композициясымен таныс болды. 10 күн ішінде фестивальді 40 елден 3 миллионнан астам отандық және 45 мыңнан астам шетелдік турист тамашалаған. Екі апталық (21 мамыр – 4 маусым) халықаралық шараны атап өту мақсатында 25 млн-нан астам гүл мен көшет отырғызылған.