2023 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Б.Атамқұлов Ташкент қаласында «Tenge Bank» акционерлік коммерциялық банкінің бас ғимаратында болды.

Басқарма төрағасы Т.Аюповпен кездесу барысында Елші қаржы институтының қызметімен танысты. Бүгінгі күні Өзбекстанда 17 банктік қызмет көрсету және қызмет көрсету орталықтар бар екенін айтып, оған қойылған инвестицияның жалпы көлемі 500 млн. АҚШ долл. құрағанын, банктің несиелік портфелі 200 млн. АҚШ долл. асқанын жеткізді. 2022 жылы транзакциялық операциялардан бастап онлайн несие алуға дейінгі банктік қызметтердің барлық түрлерін дерлік алуға мүмкіндік беретін Tenge24 қосымшасы іске қосылғаны атап өтілді. Пайдаланушылар саны қазірдің өзінде 500 мыңнан асқан.

Қаржы институтының 4 жыл қызметі барысында дәстүрлі кассалық-есеп айырысу қызметтерінен басқа банк депозиттік және несиелік өнімдердің кең спектрін, оның ішінде сауданы қаржыландыру құралдары – трансшекаралық операцияларды қамтамасыз ету үшін кепілдіктер мен аккредитивтер, экспорттық және импорттық операцияларды қолдау жүйесін әзірлеп шығарған.