Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Президенті Халима Якобпен Қазақстан мен Сингапур арасындағы саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мәселелеріне баса мән бере отырып, екі ел қатынастарының қазіргі жай-күйі мен перспективасын жан-жақты талқылады.
Келіссөздердің нәтижесінде мемлекеттер басшыларының қатысуымен екі елдің ресми делегация мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды:
- Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісім;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы Орталық Азия елдері (С5) мемлекеттік қызметшілері үшін әлеуетті арттыру бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
- «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен «Enterprise Singapore» арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен «Enterprise Singapore» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
Толығырақ:
https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-men-singapur-prezidentteri-kelissozder-zhurgizdi-2242220
https://t.me/aqorda_resmi/8748