
2023 жылғы 18-19 мамырда Алматы қаласында «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» ІІ экономикалық форумы өтті.
Шараға Еуропалық комиссияның атқарушы Вице-президенті В.Домбровскис, Қырғызстан Республикасы министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы А.Жапаров, Тәжікстан Премьер-министрі К.Расулзода, Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Ж.Ходжаев және Түрікменстанның Экономика және қаржы министрі С.Жораев, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті О.Рено-Бассо және Еуропалық инвестициялық банкінің вице-президенті Т.Червинская қатысты.
Форумның мақсаты – «жасыл» және цифрлық форматқа көшу, іскерлік ортаны жақсарту, сауда мен байланыс орнату сияқты үш негізгі басым бағыттар бойынша ЕО-Орталық Азия арасындағы қарым-қатынасты ілгерілету болды.