
Үстіміздегі жылдың 17-18 мамырында Ташкентте «Негізгі құқықтар — өмірлік құндылықтар» тақырыбында «Tashkent Law Spring» III Халықаралық Заң форумы өтті. Форумға түрлі елдердің әділет ведомстволарының басшылары, әлемнің 20-дан астам мемлекетінен көптеген құқықтық сарапшылар келді.
Қазақстан Республикасынан Әділет министрлігінің вице-министрі Ботагөз Жақселекова бастаған делегациясы қатысты.
Барлығы 16 пікірталас сессиясы өткізіліп, 132 дәріс дайындалды. Форум аясында пленарлық отырыстар, дөңгелек үстелдер, шеберлік сыныптары және онлайн-презентациялар өткізілді.
«Tashkent Law Spring» халықаралық заң форумы Орталық Азия өңіріндегі құқық саласындағы маңызды оқиғалардың бірі болып табылады және екі жылда бір рет өткізіледі.