Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің орынбасары Д.Кенбейіл бастаған қазақстандық делегация Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысының ашылуына қатысты.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің орынбасары Д.Кенбейіл бастаған қазақстандық делегация Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысының ашылуына қатысты. Іс-шараны Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиеев ашты.

Өзбекстан президенті Ш.Мирзиеев өз сөзінде ағымдағы жылы Еуропалық Қайта Құру және даму банкімен бірлесіп жалпы қуаты 1,2 гигаВатт болатын 3 ірі күн электр станциясы салынатынын атап өтті.

Өз кезегінде, ЕҚДБ Президенті Р.Б. Одильдің айтуынша, банк Өзбекстанға 2017 жылдан бері 3,3 миллиард еуро инвестиция жасаған, сондай-ақ Өзбекстан ЕҚДБ-ның Орталық Азия өңіріндегі жетекші серіктесі болып табылады және операциялар көлемі бойынша көшбасшылардың бестігіне кіреді.