
2023 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Б.Атамқұлов Пәкістан Ислам Республикасының Өзбекстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі А.Фарукпен кездесті.
Әңгімелесу барысында дипломаттар өзара қызығушылық тудыратын кең ауқымды салалардағы, сондай-ақ көпжақты платформалар аясындағы Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығының жай-күйі мен болашағын талқылады.
Тараптар халықаралық жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, атап айтқанда, «Термез – Мазари-Шариф – Кабул - Пешавар» темір жолы құрылысы жобасын іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.