
Ағымдағы жылдың 10 мамырында Өзбекстан Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі аккредиттелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар басшыларының қатысуымен салтанатты қабылдау өткізді.
Өзбекстанның мәдениет және туризм министрі Озодбек Назарбеков өз сөзінде Самарқанд қаласында өтетін Дүниежүзілік туристік ұйым Бас Ассамблеясының (ЮНВТО/UNWTO) 25-ші сессиясы шеңберінде жоспарланған іс-шаралары туралы айтты. Сонымен қатар, Мәдениет министрлігінің басшысы Өзбекстанның 2023-2027 жылдарға арналған Дүниежүзілік туристік ұйым Бас Ассамблеясының Атқарушы кеңесіне мүшелікке кандидатурасын ұсынғаны туралы жариялады.
Іс-шарада мәдениет, өнер, кино және туризм салаларындағы ынтымақтастық мәселелері көтерілді.