
Құрметті отандастар!
Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз!
Бұл мереке көпұлтты тату елімізде тұратын баршамызға ерекше қымбат.
Тәуелсіз Қазақстанның барлық табыстары мен жетістіктері – этнос пен діни көзқарасқа қарамастан, оның тұрғындарының достығы мен келісімінің жемісі.
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Халқымыз «Ырыс алды – ынтымақ» дейді. Бабаларымыздың бұл өсиеті – Әділетті Қазақстандағы басты ұстанымның бірі. Біз татулық, теңдік және әділдік қағидаларына негізделген қоғам құрамыз.»
Сіздерге зор денсаулық, бақыт, амандық, ал Отанымызға одан әрі даму мен өркендеу тілейміз!