2023 жылғы 30 сәуірде Өзбекстан Республикасында ел Конституциясына түзетулер бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді.
Қазақстан Республикасынан референдум барысын бақылауға Ташкентке келген Орталық сайлау комиссиясының делегациясы, Парламент Мәжілісі мен Сенатының депутаттары қатысады.
28 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров өзбек әріптесі, Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамходжаевпен кездесті.
Конституциялық түзетулер әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер шеңберін кеңейтуге арналған, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға бағытталған жаңа нормаларды енгізуді көздейді
Жаңа заң жобасы Конституциядағы баптардың санын қазіргі 128 — ден 155-ке дейін, ал құқықтық нормалар санын 275-тен 434-ке дейін арттырады.