
2023 жылғы 26 сәуірде Ташкентте «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы өңіраралық ынтымақтастық шеңберінде өнеркәсіптік кооперацияны дамыту» тақырыбында Қазақстан-Өзбекстан Іскерлік кеңесінің бесінші отырысы өтті.
Шараның модераторлары Өзбекстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Д.Вахабов пен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы А.Еренов болды.
Кеңес жұмысына аумақтық кәсіпкерлер палаталарының, салалық қауымдастықтардың және бизнес субъектілерінің өкілдері қатысты. Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелері бойынша пікір алмасу болды. Екі елдің экономикасын дамытуда Қазақстан мен Өзбекстанның көршілестік факторы мен ресурстық әлеуетін белсенді пайдалану ұсынылады.
Кеңес қорытындысы бойынша өңірлік кәсіпкерлер палаталары өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойып, бизнес өкілдері арасында екіжақты B2B кездесулері өтті.