
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы 7 жылда кемінде 150 млрд АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша жұмысты жалғастыруда.
2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 28 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылдан 17,7%-ға артық (23,8 млрд доллар). Бұл көрсеткіш соңғы 10 жылда рекордтық сандарға жетті (2012 жылы – 28,9 млрд доллар).
✔https://www.gov.kz/.../mfa/press/news/details/530609...