Қазақстандық компаниялар «UzBuild – 2023» 24-ші халықаралық құрылыс көрмесіне қатысуда

Қазақстандық компаниялар «UzBuild – 2023» 24-ші халықаралық құрылыс көрмесіне қатысуда

«ArcelorMittal Temirtau», «Décor kz», «Ekoton+», «Isker company» ЖШС, «Marks Group», «PolimerMetall-T», «Smart Construction» ЖШС қазақстандық компаниялары «UzBuild – 2023» 24-ші халықаралық құрылыс көрмесіне қатысуда. Аталған іс-шара Өзбекстан астанасында 2023 жылдың 28 ақпаны мен 3 наурызы аралығында өтеді, оған әлемнің 22 елінен 350 компания қатысады.

Халықаралық көрме барысында қазақстандық компаниялар құрылыс техникасын, арнайы техниканы, әрлеу материалдарының кең ассортиментін, металл конструкцияларды, терезелерді, есіктерді, жылу оқшаулағыш материалдарын және т.б. ұсынады.