⚡️Сайлаушылар тізімдеріндегі жеке деректі қалай тексеруге болады?

⚡️Сайлаушылар тізімдеріндегі жеке деректі қалай тексеруге болады?

Сайлау учаскеңіз туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде бірнеше жолмен алуға болады: ресми сайттан, мобильді қосымшадан, сондай-ақ чат-ботты пайдалануға болады немесе iKomek бірыңғай байланыс орталығының 109 нөміріне қоңырау шала аласыз.

Тізімнен шығару немесе түзету енгізу жөніндегі өтініштер өтінім түскен күні қаралады. Қабылданбаған жағдайда азаматқа шешімнің көшірмесі дереу беріледі. Оң шешім қабылданса, сайлаушы бірден тізімге енгізіледі.

Азаматты белгiлi бiр сайлау учаскесi бойынша сайлаушылар тiзiмiне енгiзуге оның тұрғылықты жерi және көрсетiлген учаскенің аумағында тiркелу фактiсi негiзге алынады.

Сондай-ақ барлық ақпаратты egov.kz электронды үкімет сайтының «Азаматтық, миграция және иммиграция» бөлімінен тексеруге болады.

t.me/zakonkz_kaz