Самарқандта журналистермен кездесуде Halyk Bank және оның Өзбекстандағы еншілес банкі – Tenge Bank басшылығы қаржы институтының жаңалықтарымен, жоспарларымен және қаржылық көрсеткіштерімен бөлісті.

Самарқандта журналистермен кездесуде Halyk Bank және оның Өзбекстандағы еншілес банкі – Tenge Bank басшылығы қаржы институтының жаңалықтарымен, жоспарларымен және қаржылық көрсеткіштерімен бөлісті.

Үміт Шаяхметова өз сөзінде өзбек нарығы Halyk тобы үшін негізгі нарық және шетелдік инвесторлар үшін тартымды екенін атап өтті.

«Өзбекстан – біздің еншілес банктің стратегиялық дамуы үшін және тұтастай алғанда, біздің қаржылық топ үшін басым нарықтардың бірі. Біз бүгін Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформалар мен бастамаларға оң көзқараспен қараймыз. Бүгінге дейін мұнда 500 миллион доллардан астам инвестиция құйылған. Оның 100 миллион долларынан астамы тікелей Tenge Bank капиталына, 400 миллион доллары Өзбекстандағы ірі жобаларға тікелей несие беру арқылы», - деп түсіндірді Халық банкінің басшысы.