ҚР Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б. Атамқұловтың Өзбекстандағы ГФР Төтенше және Өкілетті Елшісі Т. Клиннермен кездесуінің қорытындысы бойынша ПРЕСС-РЕЛИЗ

ҚР Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б. Атамқұловтың Өзбекстандағы ГФР Төтенше және Өкілетті Елшісі Т. Клиннермен кездесуінің қорытындысы бойынша ПРЕСС-РЕЛИЗ

Ү.ж. 24 ақпанында ҚР-ның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Германия Федеративтік Республикасының Елшілігіне жүздесуі өтті.

ГФР дипломатиялық өкілдігінің басшысы, доктор Тило Клиннермен кездесу барысында қазақстандық-германдық қатынастарын одан әрі дамыту перспективалары, оның ішінде инвестициялар мен жаңа технологияларды тарту, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының әлеуетін пайдалану мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, тараптар Орталық Азияда көпжақты ынтымақтастыққа қатысты пікір алмасты. Атап өткен жөн, бұл жерде неміс дипломатының пікірінше, суды ұтымды пайдалану, транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту саласындағы әріптестік перспективалы болып көрінеді.