Тоқаев ауыл шаруашылығы бизнесінің өкілдерімен кездесті

Тоқаев ауыл шаруашылығы бизнесінің өкілдерімен кездесті

Жиналыста Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев, «Родина» көпсалалы кәсіпорнының директоры Иван Сауэр, «Олжа Агро» ЖШС бас директоры Айдарбек Ходжаназаров, «Зенченко и К» шаруа қожалығының директоры Геннадий Зенченко, «Майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығы» директоры Фарид Әбітаев сөз сөйледі.

         Іс-шараға қатысушылар өндірісті әртараптандыру, шикізатты терең өңдеу және жаңа ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, қант өнеркәсібін, тұқым шаруашылығын, мал шаруашылығын және ветеринарияны дамыту, сондай-ақ ішкі нарықты және экспорттық әлеуетті арттыру мәселелерді көтерді.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бөлінген қаражатты тиімді бөлу және пайдалану, жер-су ресурстарын әділ бөлу мәселелеріне көп көңіл бөлді.

Ауыл шаруашылығы бизнесінің өкілдері ауылдағы өмір сүру сапасын жақсарту, жол-көлік және әлеуметтік инфрақұрылым, оның ішінде мектептер мен балабақшалардың жағдайын жақсарту, сондай-ақ кадрлар даярлау қажеттігін атап өтті.

Президент барлық айтылған ұсыныстарды назарға алып, шаруалардың пікірін ескере отырып, ауыл шаруашылығындағы істердің жай-күйіне жан-жақты талдау жасауды Үкіметке тапсырды.

Тоқаевтың айтуынша, агроөнеркәсіптік кешен өкілдерімен мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұруы керек, өйткені саланың мәселелерін шешуге азаматтардың өмір сапасы ғана емес, елдің азық-түлік қауіпсіздігінің жағдайы да байланысты.