ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан үшін ғылым, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және IT салаларында өте қажет кәсіптерге ие бар шетел азаматтары республикада тұруға ықтиярхат ала алатын кәсіптер тізбесін бекітті.
Тізбе денсаулық сақтау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерия, ғылым және т. б. салаларда сұранысқа ие 21 кәсіпті көздейді.
Сұранысқа ие кәсіптері бар шетелдіктер өздерінің төлем қабілеттілігін растамай, ішкі істер органдарында оңайлатылған тәртіппен тұруға рұқсат ресімдей алады.
Тұруға рұқсат 10 жылға немесе шетелдік паспорттың қолданылу мерзіміне сәйкес беріледі.
Сұранысқа ие мамандықтар тізімі:
10.Авиациялық инженер
11.Ғарыш жүйесінің аппараттық-бағдарламалық қамтылымы жөніндегі инженері
12.Жаңа техника мен технологияны енгізу жөніндегі инженер
13.Лазерлік жабдық жөніндегі инженер
14.Целлюлоза, қағаз, полиграфия және талшық өндірісі технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші
15.Инженер-медициналық радиохимик
16.Инженер-медициналық физик
17.Тоқыма шикізатының классификаторы
18.Бактериолог
19.АТ инфрақұрылымының архитекторы
20.Бағдарламалық қамтылым архитекторы
21.Өндірістік оқыту шебері (инженерия және инженерлік іс).
https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/510649?lang=kk