Елшілікте фото көрме ұйымдастырылды

Елшілікте фото көрме ұйымдастырылды

Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігінде 1-желтоқсан Тұңғыш Президент - Елбасы күніне орай ерекше көрме ұйымдастырылды. Онда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірінің әр-түрлі сәттерін бейнелейтін фотосуреттер Ташкент қаласының университеттерінде білім алып жатқан Қазақстан мен Өзбекстан студенттерінің назарына ұсынылды. Ұлт көшбасшысының ресми сапарлары мен демалыс уақытында түсірілген фотосуреттер жұрттың ерекше қызығушылығын тудырды. Одан кейін көрме мерекелік шараға ұласып, Елші Д.Сатыбалды Елбасының екі елдің достығының нығаюына, дамуына қосқан үлесін тілге тиек етті, артынан шараға келген жастар Елбасыға арналған арнаулар мен жырларын шырқап, қуана тарқасты.