
Ташкент қаласында Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Өзбекстандағы жылы аясында «Шымкент – шырайлы шаһарым!» атты мәдениет күндері өтті. Аталған мәдени шараға Шымкент қаласының әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртай, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшісі Д.Сатыбалды және еліміздің өнер саласының мамандары және зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Аталған мәдениет күні Ә.Науаи атындағы Ұлттық кітапханада «Түркіден таратқан тамырын...» атты кітап және қолданбалы өнер туындыларының көрмесінен бастау алып, екі ел зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен шығармашылық кездесу ұйымдастырылды.
Ташкент қаласында өткен салтанатты шараның соңы Өзбек Ұлттық академялық драма театрында «Шымкенттен шашу!» гала–концертіне ұласты. Онда отандық өнер қайраткерлері Ақжол Мейірбеков, Шахизада Байпатшанов, Заттыбек Көпбосынұлы, Марат Оразметов және Шымкент қаласының өнер және шығармашылық ұжымы өнер көрсетті.