Ташкентте дөңгелек үстел болып өтті

Ташкентте дөңгелек үстел болып өтті

24 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі Орталық Азия зерттеулер халықаралық институтымен (МИЦАИ) бірлесіп «Өзбекстандағы Қазақстан жылы. Бірлескен ғылыми жобалар: нәтижелері мен болашағы» атты дөғгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар белгілі қазақстандық және өзбекстандық ғалымдардың баяндамаларын тыңдап, талқылады, сондай-ақ Қызылорда облысы аумағында орналасқан Сығанақ қалашығында кешенді археологиялық жұмыстарды жүргізу барысында алынған бірегей материалдармен танысты.