
Сапар барысында аталған өңірдің Министрлер Кеңесі Төрағасы К. Сариевпен кездесу өтті.
Тараптар соңғы жылдардағы Қазақстан мен Өзбекстан Президенттерінің бастамасымен және қолдауымен оң нәтижелерге қол жетіп отырған экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын, сондай-ақ көліктік өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Елші Қазақстан мен Өзбекстанның өңіраралық ынтымақтастығы экономика драйвері болып табылатынын атап өтті. Қазақстанның Қарақалпақстан өңіріндегі сыртқы саудасындағы үлесі 9,7% - ды құрайды, арадағы тауар айналымы 2021 жылдың қорытындысы бойынша 63,9 млн. Қазақстанға Экспорт-40,0 млн., импорт -23,9 млн.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ауыл шаруашылығы, құрылыс материалдары мен түрлі-түсті металл өнімдерін өндіру, көші-қон, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын белгіледі.
Сапар барысында Қазақстан Елшісі Үстірт газ-химия комбинатын қоса алғанда, өңірдің жетекші кәсіпорындарына баруға ниетті.