Сапар барысында қазақстандық делегация Өзбекстан Республикасының өнеркәсіптік әлеуетін зерделеуге, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу туралы уағдаласуға, көрші мемлекеттің туристерді тартудағы, сондай-ақ қалалардың инфрақұрылымдық дамуындағы тәжірибесін зерделеуге ниетті.
17 мамырда Өзбекстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, туризм және мәдени мұра министрлігінің басшылығымен кездесу өтті. Делегация «Технопарк» ЖШҚ-да, ауылшаруашылық техникаларын шығаратын кәсіпорында болып, ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен кездесулер өтті.
18 мамырда Қашқадария және Самарқанд облысында болып, тығыздығы жоғары полиэтилен және басқа да өнімдер өндіретін Шуртан газ-химия комбинатымен, Сұйық синтетикалық отын өндіретін «Uzbekistan GTL» зауытымен танысты.
Самарқанд облысының басшылығымен кездесу барысында туристік инфрақұрылымды дамыту тәжірибесімен алмасып, жергілікті туристік операторлармен байланыс орнатылды.