2022 жылғы 5 маусым (жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін)
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 267 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтеді.
18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір Қазақстан азаматының референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.
Бұл құқықты жүзеге асырудың кепілі - сайлаушылар тізімдерінде сіздің деректеріңіздің болуы.
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің жанындағы № 267 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорттары бар, болу елінде тұрақты немесе уақытша тұратын барлық азаматтар енгізілген.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Өзбекстан Республикасы аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (Аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері) (b.nurmanbetova@mfa.kz) электрондық мекенжайға «Референдум -2022» белгісімен алдын ала жіберу қажет.
Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:
- +998 90 018 20 24 - Нұрманбеттова Бақыт Нүсіпжанқызы;
- +998 90 321 79 99 - Әбеуова Айгүл Бектыбайқызы;
- +998 90 972 45 50 - Сәдібеков Құрасбек Ұласбекұлы.