Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
Президенттер бір-бірін Жеңіс күнімен құттықтап, бауырлас екі мемлекеттің халқына құт-береке тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың қазіргі жағдайын және даму перспективаларын талқылады.