Президент: Келешекте қазақ-түрік достығы нығая беретініне кәміл сенемін!

Президент: Келешекте қазақ-түрік достығы нығая беретініне кәміл сенемін!
Мемлекет басшысы бизнес өкілдерімен кездесу барысында:
Бұл кездесу Қазақстан мен Түркияның сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайта түсуге септігін тигізері сөзсіз. Бүгін біздің елдеріміздің компаниялары арасында 30 коммерциялық құжатқа қол қойылды. Оның бәрі екі елдің алыс-берісін жандандыруға тың серпін береді деп сенемін. Баршаңызды бізбен бірлесіп, өзара тиімді жұмыс істеу үшін Қазақстанға шақырамын. Ең басты мәселе – қол жеткізетін келісімдерді жүзеге асыру. Бұл өте маңызды. Сондықтан менің жеке бақылауымда болады. Жұмысымыз табысты болсын!