Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Сатыбалды Орталық Азия халықаралық институтының (МИЦА) директоры Анвар Насировпен кездесті

Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Сатыбалды Орталық Азия халықаралық институтының (МИЦА) директоры Анвар Насировпен кездесті
2022 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Сатыбалды Орталық Азия халықаралық институтының (МИЦА) директоры Анвар Насировпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың сапалы жаңа деңгейіне шыққан Қазақстан-Өзбекстан екіжақты қарым-қатынастарының оң динамикасын атап өтті. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара қарым-қатынас айтарлықтай әлеуетке ие және барлық салаларда одан әрі жандандыруды қажет ететіні де атап өтілді.
Екі елдің сараптамалық орталықтары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің ынтымақтастығы, сондай-ақ Орталық Азиядағы өңірлік өзара іс-қимылды тереңдету мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты және өңірлік ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша тұрақты диалогты қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.