Қазақстан Елшісі ШЫҰ АТҚҚ директорымен кездесті

Қазақстан Елшісі ШЫҰ АТҚҚ директорымен кездесті

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы комитетінің штаб-пәтерінде ҚазақстанныңӨзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжановтың Ұйым директоры Уларбек Шаршеевпен кездесуі өтті.

Тараптар ШЫҰ АТҚҚ қызметіне байланысты жаһандық және аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдарының терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастығының практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды. Ұйымды қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл жөніндегі Универсалды орталыққа айналдыру туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттері басшыларының шешімін іске асырудың ағымдағы кезеңі талқыланды.

Әңгіме барысында У.Шаршеев дипломатиялық миссия басшысын АТҚҚ форматында осы жылы өткен және жоспарланған іс-шаралары туралы хабардар етті.

Кездесу іскерлік және сындарлы атмосферада өтіп, Қазақстан Республикасы мен ШЫҰ АТҚҚ Атқарушы комитеті арасындағы серіктестік қатынастарды одан әрі дамытуға өзара ниеттілікті растады.