Қазақстан мен Бельгияның Ташкенттегі Tлшілері Орталық Азиядағы әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Бельгияның Ташкенттегі Tлшілері Орталық Азиядағы әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады

Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігінде Қазақстанның Елшісі Ералы Тоғжановтың Бельгияның Елшісі Маттиас Кендемен кездесуі өтті. Кездесу барысында дипломаттар екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі ауқымды мәселелерді талқылады.

Дипломатиялық миссиялар басшыларының кездесуі Бельгия Королі Филипп пен Патшайымы Матильданың Қазақстанға тарихи алғашқы мемлекеттік сапарының (2026 жылғы 11–14 қазан) аяқталу кезеңімен тұспа-тұс келді. Сапар аясында Жан-жақты әріптестік туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Осыған байланысты тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипптің Астана қаласында өткен келіссөздерінің қорытындылары бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар аса маңызды минералдар, жаңартылатын энергетика, көлік және жасанды интеллект салаларында жоспарланған жобалардың маңыздылығын атап өтті.

Елшілер Еуропалық одақтың және, атап айтқанда, Бельгияның Орталық Азия өңіріне деген қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтті. Осы орайда Маттиас Кенде 2026 жылғы қыргүйектен бастап Бельгияның Ташкентте толыққанды Елшілігін ашу арқылы тұрақты дипломатиялық қатысуын қамтамасыз ету форматына көшкенін атап өтті. Бұл қадам өңірлік ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.Сондай-ақ «Орталық Азия – Еуропалық одақ» өңіраралық форматы аясындағы ынтымақтастық перспективалары жан-жақты қарастырылды.

Елшіліктер басшылары Өзбекстан аумағында екі ел арасындағы экономикалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу мақсатында тұрақты жұмыс диалогын жалғастыруға және тәжірибе алмасуға уағдаласты.