Қазақстанның Елшісі Түрікменстанның Елшісімен кездесу өткізді

Қазақстанның Елшісі Түрікменстанның Елшісімен кездесу өткізді

Ташкент, 2026 жылғы 9 қыркүйек — Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжановтың Түрікменстанның Өзбекстандағы Елшісі Шадурды Мередовпен сыпайылық кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, одан әрі өзара әрекеттестік перспективаларын талқылады.

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы достық және тату көршілік қатынастарды нығайту, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастық аясындағы сындарлы өзара іс-қимылды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.