Қазақстанның Елшісі Қырғызстанның Елшісімен кездесу өткізді

Қазақстанның Елшісі Қырғызстанның Елшісімен кездесу өткізді

Ташкент, 2026 жылғы 10 қыргүйек – Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов Қырғызстанның Өзбекстандағы Елшісі Дуйшонкул Чотоновпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ қазақ-қырғыз өзара іс-қимылын одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Қазақстан Елшісі қырғыз әріптесін Орталық Азия халықтарының ортақ тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттауға ықпал еткен, халықаралық маңызы бар спорттық-мәдени оқиғаға айналған Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының табысты өткізілуімен құттықтады.

Сонымен қатар Қырғыз Республикасының 2027–2028 жылдарға Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануына байланысты құттықтауын білдірді. Бұл нәтиже халықаралық қоғамдастықтың Қырғызстанның өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі мәселелерді ілгерілетудегі белсенді рөлін мойындауының көрінісі екені атап өтілді.

Тараптар Ташкенттегі екі елдің дипломатиялық өкілдіктері арасындағы тұрақты диалог пен тығыз өзара іс-қимылды жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық және тату көршілік қатынастарды нығайтуға бұдан әрі де нығайтуға дайын екендерін білдірді.