Меню

Страницы

Статья

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастары

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 23 қарашада орнатылды.

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы мәңгілік достық туралы шарт (1998 жылғы 31 қазан) және стратегиялық әріптeстік туралы шарт (2013 жылғы 14 маусым) екіжақты қатынастардың негізгі халықаралық-құқықтық құжаттары болып табылады. Қазіргі уақытта 100 ден астам халықаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық шарттарды қамтитын кең шарттық-құқықтық база бар.

Үлкен жұмыс жоғарғы және жоғары деңгейде жүргізіледі.

 

2018 ж. 5-6 шілде аралығында Өзбекстан президенті Ш. Мирзеев Астана қаласының 20 жылдығына және «Астана» халықаралық қаржы орталығының ашылуына арналған салтанатты іс-шараларға қатысты.

2019 ж.14-15 сәуірде ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік іс-сапары болып өтті.

2019 ж. 29 қарашада ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Назарбаев Ташкенттегі Орталық Азия Мемлекеттері басшыларының екінші консультативтік кездесуіне қатысты.

 

Парламентаралық ынтымақтастық белсенді дамып келеді.

2018 жылдың 25-28 қараша, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында, Өзбекстан заң шығару палатасының спикері Н.Исмоилов Қазақстан Республикасына ресми сапармен келді.

2019 ж. 5-7 маусым күндері Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулиннің Өзбекстан еліне іс-сапары болып өтті. Іс-сапар барысында Н.Нығматулин Өзбек елінің басшысы Ш.Мирзиеев пен және Өзбекстан Олий Мәжлис Палаталарының Төрағаларымен кездесті.

2019 ж. 4-5 қарашада ӨР Олий Мажлисі Сенатының төрайымы Т. Нарбаеваның Нұр-Сұлтанға ресми сапары болды.

 

Үкіметтік деңгейде өзара іс-қимыл дамып келеді.

2019 жылғы 21 маусымда Ташкентте үкімет басшыларының төрағалығымен Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 18-ші отырысы өтті. ҮАК қорытындысы бойынша тиісті Хаттамаға және түрлі салалардағы ынтымақтастық туралы 26 екі жақты құжатқа қол қойылды. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі жандандыру жөнінде, оның ішінде көлік және транзит, ауыл шаруашылығы, энергетика, туризм, су пайдалану, өнеркәсіптік кооперация және өзара инвестициялар салаларында бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілді.

2018 жылғы 15 қарашасында Шымкент қаласында екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы алғашқы өңіраралық форум өтті. Бұл форум Қазақстан Республикасының Премьер-МинистріА.Мамин және Өзбекстан РеспубликасыныңПремьер-министрінің бірінші орынбасары А.Раматовтың төрағалық етуімен өткізілді.

2020 жылғы 26-27 ақпанда Ургенч қаласында екі елдің премьер-министрлері деңгейінде Өңіраралық ынтымақтастықтың екінші форумы өтті, оның барысында 500 млн. АҚШ долл. көлемінде келісімдер мен шарттарға қол қойылды.

Бірлескен жұмысты Қазақстан мен Өзбекстанның сыртқы саяси ведомстволары белсенді жүргізді.

2019 жылдың 13-14 қаңтарында ҚР Сыртқы істер министрі Б.Атамқұлов "Орталық Азия-Үндістан"диалогының бірінші отырысына қатысу үшін Самарқандқа жұмыс сапарымен барды.

2019 жылы 26 ақпанда Астанада ҚР Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде саяси консультациялар өтті.

2020 жылғы 3 ақпанда ҚР Сыртқы істер министрі М. Тілеуберді Ташкенттегі "С5+1" форматындағы министрлік кездесуіне қатысты.

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау процесін аяқтау екіжақты қатынастардың маңызды мәселесі болып табылады. Сонымен қатар, үш елдің түйісу нүктесі туралы шартқа қол қойылғаннан кейін (Самарқанд қ., 2017 ж. қараша) Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара толығымен межеленген деп танылды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 4,1 млрд. АҚШ.долл. құрады.  Мемлекет басшылары өзара сауда көрсеткішін 5 млрд. АҚШ.долл.-ға дейін жеткізуді тапсырды.

Көлік саласындағы ынтымақтастық кеңеюде, ол өз кезегінде туристік саладағы ынтымақтастық үшін жаңа перспективалар ашуда.

Жалпы, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту кең перспективаға ие. Өзара іс-қимылдың перспективалы бағыты өнеркәсіптік кооперацияны тереңдету, тоқыма, жеміс-көкөніс, мал шаруашылығы және құрылыс салаларында бірлескен өндірістер ашу болып табылады.

Қазақстандағы Өзбекстан жылы (2018 ж.) және Өзбекстандағы Қазақстан жылы (2019 ж. ) шеңберінде экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар ауқымды іс-шаралар өтті.

Осылайша, ынтымақтастықтың өзбек векторы Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып қалады.

 

Дата публикации
27 февраля 2020
Дата обновления
12 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

28 января 2026
Электронное резидентство (e-Residency) для иностранных граждан
Ақпарат
01 апреля 2025
Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы
Ақпарат
01 апреля 2025
Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары