Қазақстан Республикасының шет елдердегі Елшіліктерінде, Бас консулдықтарында, Консулдықтарында Қазақстанның барлық азаматтары үшін Консулдық есепке тіркелу ерікті болып табылады.
Консулдық тіркеу, ол болу еліндегі әскери әрекеттер, тәртіпсіздіктер, табиғи апаттар, форс-мажорлар енгізілген жағдайларында хабарлама беруді, эвакуациялау жасауды айтарлықтай жеңілдетеді.
Консулдық бөлімде кейбір мемлекеттік қызметтерді алу кезінде уақытыңызды үнемдейді. Мысалы: Қазақстанға Қайту туралы куәлігін беру (паспорт жоғалуы/ұрлануы негізінде), Паспортты ресімдеу және т.б.
Қызмет ТЕГІН және 1 күннің ішінде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою үшін:
Тіркеу картасы (Консулдық бөлімде толтырылады).
Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін) (көшірмесі және тұпнұсқасы салыстыру үшін).
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруға шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешім – мекен жайдан кету парағы (көшірмесі және түпнұсқасы салыстыру үшін).
Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою үшін:
Тіркеу картасы (Консулдық бөлімде толтырылады).
Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін) (көшірмесі және тұпнұсқасы салыстыру үшін).
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару
1) еркін нысандағы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
3) есепке қою туралы мөртабаны бар Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша бет (болған жағдайда).
Көрсетілетін қызметті алушы электрондық нысанда жүгінген кезде www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш беріледі.
1 күн
ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЕТ ЕЛДЕРДЕ ЖҮРГЕН АЗАМАТТАРЫНА ПАСПОРТТАР ЖАСАУҒА ЖІБЕРУ
Паспорт Қазақстанда тіркеу болған кезде немесе Өзбекстанға тұрақты тұруға кетуге ресімделген рұқсат (кету парағы) болған кезде Елшіліктің Консулдық бөлімі арқылы ресімделуі мүмкін.
Паспорт Қазақстанда тіркеу болған кезде немесе Өзбекстанға тұрақты тұруға кетуге ресімделген рұқсат (кету парағы) болған кезде Елшіліктің Консулдық бөлімі арқылы ресімделуі мүмкін:
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын;
Шет мемлекеттер аумағында орналасқан оқу орындарында білім алатын;
Еңбек шарты бойынша шет мемлекеттерде жұмыс істейтін;
Кәмелетке толмағандар, егер олар Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған болса; Осы адамдардың олармен бірге тұратын отбасы мүшелері;
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын шетелдіктің отбасы мүшелері болып табылатын; Кәрілікке байланысты өзін-өзі күтуге қабілетсіз адамдар (қарт адамдар) және олардың өмірлік қызметін шектейтін дене функцияларының тұрақты бұзылуы бар денсаулығында ақауы бар адамдар, сондай-ақ өзін-өзі ұстауға қабілетсіз жақын туыстарына қамқорлық жасайтын адамдар;
Ұсталған немесе қамауда ұсталған, қамауға алынған, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар.
өтініш;
туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған бала паспорт алған кезде) және баланың азаматтығын растау үшін ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжат. Шетелдіктің ата-анасынан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуға нотариалды расталған өтініш-келісімі (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, олардың біреуі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және осы уақытта ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болған жағдайда);
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспортты ауыстырған кезде);
өлшемі 3,5х4,5 сантиметр төрттүрлі-түсті фотосурет (фотосуреттер құжатты ресімдеу кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келуі және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық түскен, бет-әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 75% - ға жуығын алатын болуы тиіс. Фотосуреттер бір негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдісімен орындалады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді);
Кету парағы – түпнұсқа және 1 көшірме (тұрақты тұруға жол жүруге рұқсат);
Өзбекстанда тұруға ықтиярхат – түпнұсқасы және 1 көшірмесі
Қабылдаушы елдің құзыретті органының азаматтығының жоқтығы туралы анықтама;
Консулдық алымды төлеу туралы түбіртек.
Ұсынылған мәліметтерді салыстыруды жүзеге асыру үшін келесілерді қоса тіркеу қажет:
Өтініш берушінің туу туралы куәлігі, түпнұсқа және 1 көшірме;
Неке қию (бұзу) туралы куәлік, түпнұсқа және 1 көшірме;
16 жасқа дейінгі балалардың туу туралы куәліктері,түпнұсқа және 1 көшірме.
90 күнтізбелік күн
100 АҚШ доллары – төлем Ташкент қ., Абай көш. 10 А.
Консулдық бөлімде сізге ыңғайлы өтініш беру күні мен уақытын таңдаңыз: онлайн брондау
Қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу
Қайтып оралуға арналған куәлікті Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері :
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және келісімдерінде көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының қызметтік немесе дипломатиялық паспортын жоғалтқан не олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда;
2) Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтарына – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда;
3) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта азаматтығы жоқ адамның куәлігін жоғалтқан жағдайда;
4) босқындарға – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта жол жүру құжатын жоғалтқан жағдайда;
5) Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасына келу үшін құжаттары жарамсыз не Қазақстан Республикасына келуге арналған құжаттарын жоғалтқан азаматтығы жоқ адамдарға – олар Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген, Қазақстан Республикасына ұстап берілген не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасына берілген жағдайларда беріледі.
1) еркін нысандағы өтініш немесе шет мемлекеттің құзыретті органының қолдаухаты (Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген немесе Қазақстан Республикасына берілген жағдайда);
2) жеке басын куәландыратын құжатты жоғалтқаны туралы өтініш беру фактісін растайтын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжат;
3) өлшемі 3х4 сантиметр түрлі-түсті екі фотосурет;
5) жеке басын куәландыратын құжаттардың (бар болса) бірінің түпнұсқасы, ал ол болмаған жағдайда толтырылған сауалнама-өтініш
2 (екі) жұмыс күні, жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болған кезде, 10 (он) жұмыс күні, жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болмаған кезде.
10 АҚШ доллары – төлем Ташкент қ., Абай көш. 10 А.
Консулдық бөлімде сізге ыңғайлы өтініш беру күні мен уақытын таңдаңыз: онлайн брондау