Таллин, 2026 жылғы 19 қазан-Қазақстан Республикасының Оқу-ағартуминистрі Жұлдыз Сүлейменованың Эстония Республикасына сапары өтті. Сапардың мақсаты білім беру жүйесін цифрландыру, жасанды интеллект (АИ) технологияларын енгізу және педагог кадрларды даярлау әдістемелерін жаңғырту саласындағы Эстон тәжірибесін зерделеу болды. Сапар аясында ведомство басшысы бірқатар бейінді кездесулер өткізіп, Таллиннің білім беру нысандарына барды
Кездесу барысында қазақстандық делегацияның Эстония Білім және жастар агент жөніндегі агенттігінде (Harno) PISA халықаралық зерттеуінде Эстонияның жоғары нәтижелерін қамтамасыз ететін әдістемелер мен технологиялар ұсынылды.
Эстония функционалдық сауаттылық, математика және жаратылыстану ғылымдарының деңгейі бойынша әлемде көшбасшы орынға ие бола отырып, Еуропа елдері арасында PISA рейтингіндегі ең жоғары көрсеткіштерді тұрақты түрде көрсетіп келедіТараптар өткен жылдан бері Эстония мектептерінде іске қосылған пилоттық жоба ai Leap білім беру саласында АИ енгізудің инновациялық Эстония бағдарламасына ерекше назар аудардыҚатысушылар мемлекеттік стратегияны, енгізу тәжірибесін және оқу процесінде жасанды интеллектті пайдаланудың ұзақ мерзімді перспективаларын талқылады.
Эстония цифрлық мемлекетінің тұсаукесер орталығында ҚР Білім министріне білім беру саласына қатысты e-Estonia экожүйесін құру архитектурасы көрсетілді. Тараптар білім беруді басқарудың тиімділігін арттыру мәселелерін, электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заманауи сын-қатерлер мен технологиялық шешімдерді талқылады. Іс жүзінде Жұлдыз Сүлейменова Таллин мемлекеттік гимназиясында (MURG) болып, Эстон тәжірибесімен танысты.
Мектеп басшылығы АИ-ді мұғалімдер мен оқушылардың оқу жұмысына біріктіруге байланысты шешімдерді көрсетті. Сондай-ақ тәрбие жұмысын ұйымдастыру, педагогикалық менторлық және қазіргі заманғы білім беру экожүйесін қалыптастыру тәсілдері зерделенді.
Сапар барысында делегация өкілдері Эстония Республикасының Білім және ғылым министрлігінде кездесу өткізді. Кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамытуға, болашақта озық тәжірибемен алмасуға өзара қызығушылық танытты
Шетелдегі отандастар арасында «OQ Startup» үздік жобалар шығармашылық байқауының
ЕРЕЖЕСІ
I. Байқаудың негізгі мақсаты
«OQ Startup» үздік жобалар байқауы ғылым, мәдениет, IT, бизнес, медиа, волонтерлік және басқа да шығармашылық және әлеуметтік бағыттағы жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге арналған байқау.
Негізгі мақсаты шетелдегі отандастар мен этникалық қазақтардың төл жобаларын Қазақстанда таныту, өзара байланыс орнатуына ықпал ету және шығармашылығына қолдау көрсету.
II. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
1. Байқауға 15-30 жас аралығындағы шетел азаматы болып табылатын ұлты қазақ отандастар қатыса алады;
2. Байқауға ғылым, мәдениет, IT, бизнес, медиа, волонтерлік және басқа да шығармашылық және әлеуметтік бағыттағы жобалар қабылданады;
3. Қатысушы өз жобасын таныстыру үшін төмендегі материалдарды ұсынуы қажет:
1. Жобаның таныстырылымы:
· ұзақтығы 2 минуттан аспайтын көлденеңінен түсірілген MP3 немесе MOVформатындағыбейнероликнемесекөлемі 10 слайдтан аспайтын PPTXнемесе PDFформатындағы презентация.
Бейнеролик немесе презентацияда жобаның негізгі мазмұны, өзектілігі, мақсаты, кімдерге бағытталғаны, іске асыру жолдары және күтілетін нәтижелері қысқаша әрі түсінікті түрде көрсетілуі тиіс.
2. Жоба туралы қысқаша анықтама (PDF форматында).
Анықтамада міндетті түрде келесі ақпараттар қамтылуы қажет:
· жобаның атауы;
· жобаның өзектілігі және шешуге бағытталған мәселесі;
· жобаның мақсаты;
· жобаның негізгі міндеттері;
· мақсатты аудиториясы (жоба кімдерге арналғаны);
· жобаны іске асыру тетігі және негізгі іс-шаралары;
· жобаны іске асыру мерзімі;
· күтілетін нәтижелері;
· жобаны іске асыру үшін қажетті ресурстар.
Егер жобаны іске асыру үшін қаржыландыру қажет болса, қатысушы PDF құжатында сұралатын қаражат көлемін және оның нақты сметасын көрсетуі тиіс. Сметада әрбір шығын бабының атауы, саны, бірлік құны және жалпы құны көрсетілуі қажет.
Ұсынылатын бейнеролик немесе презентация жобаны қысқа әрі нақты таныстыруға, ал PDF форматындағы анықтама жобаның мазмұнын толық түсіндіруге мүмкіндік беруі тиіс.
Байқауға іске асырылуы басталған, қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан, сондай-ақ іске асырылуы жоспарланған жобалар қатыса алады.
Жоба бұрыннан іске асырылып жатқан жағдайда, қатысушы оның қазіргі нәтижелері, қол жеткізген көрсеткіштері және жобаны одан әрі дамыту жоспары туралы ақпарат ұсынуы қажет.
Ал іске асырылуы жоспарланған жоба бойынша оның мақсаты, міндеттері, іске асыру кезеңдері, мерзімі және күтілетін нәтижелері нақты көрсетілуі тиіс.
4. Жұмыстар Oqbaiqau@gmail.com эл-поштасында қабылданады;
5. Қатысушы жұмысын өзі туралы ақпаратпен қоса (Толық аты-жөні, азаматтығы, оқитын университеті мен курсы, жасы) 30 қазан 2026 ж. дейін жіберуі керек;
6. Қатысушы жұмысын жібере отырып Отандастар қорының әлеуметтік желілерінде (Facebook, Instagram, Telegram) және ресми сайтында жұмысының жариялануына келісім береді.
7. Байқауға жұмыстар қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде қабылданады.
III. Байқау мерзімі
Байқауға шығармашылық жұмыстар 2026 жылғы 30 қыркүйектен
бастап 30 қазанға дейін қабылданады. Қазылар алқасы байқау аяқталғаннан кейін 30 күннің ішінде жеңімпаздарды анықтайды.
IV. Байқаудың жұмысын қорытындылау және қатысушыларды марапаттау
Байқау қорытындысы бойынша үздіктер төмендегідей марапатталады.
1 орынНоутбук, диплом
2 орын – Планшет, диплом
3 орын – Смарт-сағат, диплом
Ынталандыру сыйлығы: Үстел ойыны (Бестемше), марапаттау
Қазан айында Астанада Қазақстан мен Қасиетті Тақтың балаларды қорғау мәселелері жөніндегі II бірлескен коллоквиумы өтеді
2026 жылғы 2–3 қазанда Астанада Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі дикастериясы мен Орталықтың II бірлескен коллоквиумын өткізеді. Коллоквиумның басты тақырыбыосал топтарға жататын балалардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау.
Коллоквиум Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы 2024 жылғы сәуірде басталған диалогтың жалғасы болмақ. Аталған диалог Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Ватиканға жасаған сапары аясында өткен алғашқы бірлескен кездесуден бастау алған.
Коллоквиум жұмысына Қазақстан мен Қасиетті Тақтың ресми өкілдері, дін қайраткерлері, педиатрия, биоэтика және теология саласындағы мамандар, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысады. Іс-шараға Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы және Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі дикастериясының префекті кардинал Джордж Джейкоб Кувакад тең төрағалық етеді.
Бағдарлама үш негізгі бағытты қамтиды: балаларға қамқорлық көрсетудің адамгершілік негіздері және дінаралық ынтымақтастық, науқас балалардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау, медициналық, ғылыми және институционалдық ынтымақтастықты дамыту. Сонымен қатар педиатриядағы жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен оны қолданудың этикалық қағидаттарына ерекше назар аударылады.
Талқылаудың негізгі бағдарларының бірі адам қадір-қасиетін құрметтеу, балаға кешенді көмек көрсету және отбасын қолдау қағидаттарына негізделген Жазылмайтын дертке шалдыққан балалардың құқықтар хартиясы болады. Қазақстан тарапы сондай-ақ күрделі жағдайға тап болған балаларға көмек көрсетудің практикалық үлгісі ретінде «Жусан» гуманитарлық операциясының тәжірибесін таныстырады.
Коллоквиумды ақпараттық сүйемелдеу мақсатында қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдерін 2026 жылғы 20 қыркүйекке дейін аккредиттеуден өтуге шақырамыз.
Аккредиттеуден өту үшін communications@iciid.orgэлектрондық пошта мекенжайына хабарласуды сұраймыз
Өткізілетін күні: 2026 жылғы 2–3 қазан
Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, 1қабат
Іс-шараның басталуы: сағат 10:30.
2026 жылғы 7 қазанда Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXIV отырысы өтеді. Диалог алаңында әлемдік және дәстүрлі діндер – ислам, христиан, иудаизм, индуизм, буддизм, даосизм, синтоизм және бахаи діндерінің лидерлері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары, мемлекет қайраткерлері және әлемнің 20 елінен жетекші сарапшылар жиналады.
XXIV Хатшылық отырысының күн тәртібіндегі негізгі мәселе Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінде бастамашылық еткен және қатысушылар қолдаған екі халықаралық құжатты қарау және қабылдау. Олар: «Жасанды интеллектті діни салада пайдаланудың этикалық кодексі» және «Діндердің климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі рөлі».
Жеке мәселе ретінде Жазылмайтын дертке шалдыққан балалардың құқықтар хартиясы таныстырылады. Құжатта баланың қадір-қасиетін қорғауға, оған ізгілікпен қарауға басымдық беріліп, сондай-ақ қажетті медициналық және психологиялық көмек алу құқығы бекітіледі. Сонымен қатар, тиісті сұраныс болған жағдайда баланың діни және дүниетанымдық қажеттіліктерін ескере отырып қолдау көрсету көзделген.
XXIV Съезд Хатшылығының ақпараттық сүйемелдеу жұмыстарын қамтамасыз ету үшін қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін аккредиттеуден өтуге шақырамыз. Аккредиттеуден өту үшін communications@iciid.org электрондық пошта мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз.
Өткізілетін күні: 2026 жылғы 7 қазан.
Өткізілетін орны: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 57, Бейбітшілік және келісім сарайының баспасөз орталығы.
Іс-шараның басталуы: сағат 10:00.
ТАЛЛИН, 2026 жылғы 23 тамыз Бүгін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ұйымдастырылған № 466 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарын сайлау өткізіледі.
Эстониядағы қазақ диаспорасының өкілдері учаске жұмысының алғашқы сағаттарынан бастап жоғары азаматтық белсенділікті көрсетіп келедіҚауымдастық мүшелері дауыс беруге қатысу тек конституциялық борышты орындау ғана емес, сонымен қатар өз Отанының болашағына тікелей әсер ету мүмкіндігі екенін атап көрсетеді
Шетелде тұратын қазақстандықтар мемлекеттің ажырамас бөлігі болып қала бередіЭстониядағы Диаспора қазіргі Қазақстанның жаңғыруы мен тұрақты дамуына елеулі үлес қоса отырып, екі ел арасындағы мәдени, экономикалық және академиялық байланыстарды нығайтуға белсенді жәрдемдеседі.
Страсбург, 2026 жылғы 26 маусым – Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясында (ЕКПА) «Қазақстандағы конституциялық референдум: реформалардың жаңа кезеңі» атты жазбаша декларация қабылданып, онда 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумның қорытындылары негізінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға қолдау білдірілді (https://pace.coe.int/en/files/36245).
Құжаттың авторы – ЕКПА депутаты Мехмет Акалын (Түркия, «Еуропа үшін либералдар мен демократтар альянсы» саяси тобы). Еуропа мемлекеттерінің ұлттық делегациялары мен түрлі саяси топтардың 22 мүшесі қол қойған декларацияда референдум Қазақстанның институционалдық жаңғыруы мен мемлекеттік басқару жүйесін күшейтудің маңызды кезеңі ретінде бағаланады.
ЕКПА депутаттары конституциялық реформалардың мақсаттарын, атап айтқанда, мемлекеттік басқарудың неғұрлым теңгерімді моделіне көшуді, есептілік тетіктерін нығайтуды, конституциялық сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейтуді және адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтуді құптайды.
Декларацияда сондай-ақ Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы ынтымақтастық тетіктері аясындағы конституциялық даму, заң үстемдігі және адам құқықтарын қорғау салаларындағы тәжірибе алмасуға бағытталған сындарлы диалог атап өтіледі.
Сонымен қатар, парламентарийлер Қазақстанды Еуразия өңіріндегі сенімді серіктес ретінде бағалай отырып, елдің демократиялық басқару мен заң үстемдігін одан әрі нығайтуға бағытталған күш-жігерін қолдауға дайын екендіктерін білдіреді.
Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшілігінде Қазақ диаспорасының өкілдері, Эстонияда тұратын студенттер мен жастар үшін салтанатты іс-шара өтті.
Кездесу отандастарды, сондай-ақ Эстонияның академиялық және сараптамалық топтарының өкілдерін біріктіріп, қазіргі Қазақстанның дамуының және ұлттық мәдени мұраны насихаттаудың негізгі бағыттарын талқылады.
Оқу мәдениетін дамыту және жастарды қолдау
Іс-шараның басты тақырыбы Қазақстан Республикасы Президентінің «Оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын талқылау болды.
Кездесу барысында дипломаттар бұл бастаманың өскелең ұрпақ үшін және елдің зияткерлік әлеуетін нығайту үшін ерекше маңыздылығын атап өтті. Эстонияда оқитын қазақстандық студенттер мен жастар арасында оқырман мәдениетін қолдау мақсатында ұйымдастырушылар көркем, тарихи және ғылыми-танымал әдебиеттерді тегін тарату бойынша акция өткізді.
Саяси және институционалдық реформалар
Қатысушылардың назары Қазақстанның қоғамдық-саяси жаңғыруына аударылды. Елшілік өкілдері қонақтарға еліміздің жаңа Конституциясының негізгі ережелерін, сондай-ақ ауқымды институционалдық қайта құрулардың іске асырылу барысын егжей-тегжейлі түсіндірді. Эстонияның сарапшылары мен саясаттанушылары республиканың демократиялық институттары мен құқықтық негіздерін нығайту жөніндегі мемлекеттің дәйекті қадамдарын жоғары бағалады.
Ұлы Дала әуендері: домбыра күні
Кештің жарқын мәдени аккорды жақындап келе жатқан Ұлттық домбыра күнін мерекелеу болды. Іс-шара қонақтары үшін қазақтың әйгілі күйлері шырқалды. Домбырада дәстүрлі музыкалық шығармаларды шебер орындау Эстондық әріптестер мен отандастарға қазақ дала философиясы мен бай музыкалық мұра атмосферасына тереңірек енуге мүмкіндік берді.
Іс-шара пікір алмасумен және бейресми қарым-қатынаспен аяқталды, оның барысында қатысушылар диаспораның тарихи Отанымен берік рухани байланысын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Таллин, 2026 жылғы 19 маусым – Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшісі Алтай Көлгінов « Эстония–Қазақстан » парламентаралық достық тобының мүшелері болып табылатын Эстония Парламентінің (Риигикогу) депутаттарымен кездесті.
Кездесу барысында Елші Көлгінов Эстония парламентшілерін Президент Қ.Тоқаев жүзеге асырып жатқан саяси жаңғыртудың негізгі бағыттары туралы хабардар етті.
Атап айтқанда, дипломат мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруді, институционалдық реформаларды және Парламенттің бір палаталы құрылымына көшуді көздейтін Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының алдағы уақытта күшіне енуіне егжей-тегжейлі тоқталды.
Ол аталған қайта құрулар демократиялық институттарды нығайтуға, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға және азаматтардың елдің саяси өміріне қатысуын кеңейтуге бағытталғанын атап өтті
Эстония Парламентінің депутаттары еліміздің саяси архитектурасын жаңартудың орталық элементтерінің бірі ретінде Қазақстандағы бір палаталы парламент жүйесіне көшуге ерекше назар аударды
Тараптар Қазақстан мен Эстония арасындағы ынтымақтастықтың тұрақты сипатын атап өтіп, екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.
Парламентаралық өзара іс-қимылды саяси, экономикалық және мәдени салаларда сенімді нығайтудың, тәжірибе алмасудың және бірлескен бастамаларды ілгерілетудің маңызды құралы ретінде дамытуға ерекше назар аударылды.
Эстондық депутаттар байланыстарды одан әрі кеңейтуге, тақырыптық кездесулер өткізуге және екі мемлекет арасындағы әріптестікті тереңдетуге ықпал ететін жобаларды қолдауға қызығушылық білдірді.
Елші Көлгінов өз кезегінде қазақстандық тараптың белсенді өзара іс-қимылға және ынтымақтастықтың қолданыстағы, сондай-ақ жаңа форматтарын іске асыруға қызығушылығы мен дайындығын растады.
Астана, 2026 жылғы 1 маусым
Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы «Діни лидерлердің тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өткізді. Іс-шара барысында халықаралық серіктестерге «Жасанды интеллектті пайдаланудың этикалық кодексі» және «Климаттың өзгеруімен күрестегі діндердің рөлі» тақырыбындағы екі ірі жобаның құжаттары таныстырылды.
Конференцияға Қазақстан, Ұлыбритания, Ресей, Аргентина, Таиланд, Солтүстік Македония және Үндістанның беделді діни қайраткерлері, ғалымдар, сарапшылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Талқылаудың негізгі арқауы – «Астана бейбітшілік декларациясы – 2025» және 2023–2033 жылдарға арналған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін дамыту тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асыру мәселелері болды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Раманқұлов өз сөзінде мемлекет пен конфессиялар арасындағы әріптестіктің маңызын атап өтті. Сондай-ақ, ол қазақстандық модель аясында азаматтық бейбітшілікті нығайту үшін зайырлы институттар мен діни бірлестіктердің тең құқылы серіктес ретінде бірлесіп жұмыс істеп келе жатқанын және бұл ең тиімді тәсіл екенін алға тартты.
Орталықтың Басқарма төрағасы Гүлсана Қожабай діни дипломатия әрбір қақтығысты шеше алмаса да, ең күрделі әрі шиеленісті кезеңдердің өзінде диалогты сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мысал ретінде ол 2025 жылдың қыркүйегінде Астана қаласында өткен VIII Съезді келтірді. Таяу Шығыстағы жағдай аса сезімтал кезеңде өткен жиында иудей және мұсылман өкілдері бір үстел басында отырып, өз жұмыстарын жалғастыра алған.
Басқарма төрағасы Г. Қожабай бүгінде рухани дипломатия нақты іс-қимылдарға көшуі тиіс екенін алға тартты. Атап айтқанда, ол жасанды интеллектке арналған этикалық қағидаларды қалыптастырудан бастап, климаттың өзгеруі сын-қатерлеріне бірлесіп жауап беруге дейінгі бағыттарды қамту қажеттігін жеткізді. Осы мақсатта Орталық әзірлеген «Жасанды интеллектті пайдаланудың этикалық кодексі» және «Климаттың өзгеруімен күрестегі діндердің рөлі» атты екі жобаға ерекше тоқталды.
Аргентина Ахмадия мұсылман қоғамының президенті Марван Сарвар Гилл ислам дәстүріндегі бейбітшіліктің әмбебап сипатына назар аударды. Ол Мұхаммед пайғамбардың іліміне сүйене отырып, адамның қадір-қасиеті нәсіліне, ұлтына немесе шыққан тегіне байланысты болмауы тиіс екенін, ал бейбітшілік таңдаулы сипатқа ие болмауы керектігiн атап өтті. Оның сөзінше, мұндай ұстаным жаһандық қауіпсіздіктің маңызды рухани негіздерінің бірі болып саналады.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Дінтану кафедрасының профессор міндетін атқарушысы Юлия Шаповал цифрлық радикализмнің күшеюіне ерекше назар аударды. Ол діни және сарапшылық қауымдастықтар жаңа ақпараттық сын-қатерлерден артта қалмауы тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, түсіндіру жұмыстары, бейбітшілік пен жасампаздыққа үндейтін контент цифрлық кеңістікте белсенді таралып, әлеуметтік желілердегі деструктивті материалдарға қарсы тұруы қажет.
«Өркениеттер альянсы» халықаралық орталығы басқармасының төрағасы Иван Иванов этникалық және діни зорлық-зомбылықтың алдын алуда сыни ойлаудың маңызын ерекше атап өтті. Оның пікірінше, білім беру тек тұлғалық болмысты қалыптастырып қана қоймай, ар-ождан, жанашырлық пен жауапкершілік сезімін де тәрбиелеуі қажет. Осы тұрғыда философия мен этика білім беру бағдарламаларында маңыздырақ орын алуы тиіс екенін айтты.
Қазақстандағы Евангелиялық-лютеран шіркеуінің басшысы Ростислав Новгородов, Қазақстан Бахаи қауымдастығының өкілі Тоқжан Қожахметова және Somaiya Vidyavihar университетінің ректоры Рудракша Сакрикар жастардың ерекше рөліне тоқталды. Спикерлердің айтуынша, жас ұрпақ тек білім алушы ретінде емес, бейбітшілік, өзара құрмет пен ынтымақтастық мәдениетін ілгерілете алатын әлеуметтік өзгерістердің белсенді қатысушысы ретінде қарастырылуы тиіс.
Ресей ғылым академиясы Философия бөлімінің меңгерушісі Сергей Мельник 2027 жылы «Арамыздағы ортақ сөз» құжатының 20 жылдығына арналған халықаралық дөңгелек үстел өткізуді ұсынды. Бұл бастама ислам-христиан диалогын одан әрі дамытуға және діни дәстүрлер арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған.
Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар конфессияаралық диалогтан тұрақты бейбітшілік, жаңа технологиялар этикасы, климаттық жауапкершілік, білім беру және радикализмнің алдын алу салаларындағы практикалық ынтымақтастыққа көшу маңызды екенін атап өтті.