Қазақстан Елшісі Халықаралық Сауда Палатасының Эстония кеңсесінде болды (ICC Estonia)

Қазақстан Елшісі Халықаралық Сауда Палатасының Эстония кеңсесінде болды (ICC Estonia)

Қазақстан Елшісі Н.Сейтімов «ICC Estonia» Эстония Кеңесінің төрағасы Тиит Таммемягимен кездесті. Кездесуге, сонымен бірге, Эстонияның Қазақстандағы Елшісі Хейти Мяэмеэс, Мариус Кутателадзе (GoSwift), Рауль Уус, Балтық-Орталық Азия сауда палатасының басқарма төрағасы және Яан Хейн (DefSecIntel Solutions) қатысты.

Таммемяги мырза бизнесті басқарудың халықаралық ұйымы ICC мен оның «ICC Estonia» Эстония ұлттық комитетінің қызметіне шолу жасады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірқатар перспективалы Қазақстан-Эстония экономикалық жобаларын іске асырудың жалпы қадамдары туралы уағдаласты.

Анықтама: ICC - бүкіл әлем бойынша халықаралық бизнес қатысушыларын біріктіретін және ұсынатын жаһандық кәсіпкерлік ұйым. «ICC Estonia» - Халықаралық сауда палатасының Ұлттық комитеті, Эстония мен ICC мүшелерінің мүдделері мен құқықтарын қорғайды, халықаралық бизнестің нақты мәселелері бойынша кеңес береді және оқытады, конференциялар мен оқу сапарларын ұйымдастырады, сонымен қатар, іскери делегациялардың сапарларын ұйымдастырады, ынтымақтастықты дамытады және клубтық іс-шараларды ұйымдастырады, сыртқы нарықтарға шығуда және мүшелер үшін басқа қызмет түрлерін жүзеге асыруда қолдау көрсетеді.