
2020 жылдың 15 қыркүйегінде Қазақстан Елшісі Нұрлан Сейтімов Эстония Сыртқы істер министрлігі Саяси департаментінің Бас директоры Лембит Уибомен кездесті.
Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті аспектілері және оларды дамыту перспективалары талқыланды.
Елші Н.Сейтімов ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын атап өтті, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауының негізгі ережелерін түсіндірді.
Тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту мақсатында өзара тығыз қарым-қатынас жасау туралы уағдаласты.