
2020 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Елшісі Нұрлан Сейтімов Эстонияның Қазақстандағы Елшісі Хейти Мяэмеэс мырзамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту мәселелерін және «Қазақстан-Эстония» Іскерлік кеңесін құру перспективаларын талқылады.
Елші Н.Сейтімов эстониялық әріптесінің назарына Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» Жолдауының негізгі ережелерін жеткізді.