Таллиннде қазақ өнерпаздарының концерті өтті

Таллиннде қазақ өнерпаздарының концерті өтті

Таллинн, 2024 жылғы 14 желтоқсан – Таллиннде  Қазақстанның Эстониядағы елшілігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Эстония музыка академиясының концерт залында Еркеғали Рахмадиев  атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері мен атақты скрипкашы Марат Бейсенғалиевтің қатысуымен концерт өтті.

Іс-шараға Эстонияның ресми тұлғалары, дипломатиялық миссиялардың басшылары мен отбасы мүшелері,  бизнес өкілдері, сондай-ақ осы елде тұратын отандастар қатысты.

Бұл іс-шара Қазақстан мен Эстония арасындағы мәдениет саласындағы өзара іс-қимылды жоғары деңгейде дамытуға өз септігін тигізетін болады.

Қазақстандық әртістер халық шығармашылығының да, қазіргі қазақстандық және халықаралық композиторлардың да туындыларын ұштастыра отырып, эстондық көрермендерге  ауқымды бағдарлама ұсынды.

Эстония аудиториясы қазақ мәдениетінің өзіндік ерекшелігіне, орындалған шығармалардың әуезділігі мен шынайылығына тәнті болды.

Концерт соңында көрермендер қазақ өнерпаздарына зор қошемет көрсетті және алғыстарын білдірді.