Қазақстанның Елшісі Нұрлан Сейтімов Мууга портына барды

Қазақстанның Елшісі Нұрлан Сейтімов Мууга портына барды

Іссапар барысында ҚР Елшісі Нұрлан Сейтімов Таллинн портының басқарма Төрағасы Вальдо Кальм мырзамен және Коммерциялық директоры Маргус Вихман мырзамен, «AS Operail» басқарма төрағасы Рауль Тоомсалу мырзамен және Эстонияның логистика және транзиттік ассоциясының Төрағасы Андрес Валгерист мырзамен кездесті.

Сапар барысында Н.Сейтімов Таллинн портының тобына кіретін Мууга портының қызметімен танысты.

Тараптар Қазақстан мен Эстония арасындағы логистика және транзиттік өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Анықтама: Мууга порты Эстониядағы ең ірі халықаралық сауда теңіз порты болып табылады, оның айналымы «Tallinna Sadam АS» жүк айналымының 50% құрайды. Порт Таллинн қаласынан 17 шақырым жерде орналасқан.