ҚР Елшісі Н.Сейтімов Эстонияның Қазақстандағы бірінші Елшісімен кездесті (2011-2014 жж.)

ҚР Елшісі Н.Сейтімов Эстонияның Қазақстандағы бірінші Елшісімен кездесті (2011-2014 жж.)

ҚР Елшісі Нұрлан Сейтімов Эстония Республикасының Қазақстан Республикасындағы тұңғыш Елшісі (2011-2014 жж.), DefSecIntel вице-президенті Ян Хейн мырзамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар жасанды интеллект, әр түрлі саладағы жоғары технологиялық әзірлемелер саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

Анықтама: DefSecIntel компаниясы толық автоматтандырылған бақылау платформасын және қашықтан басқару станцияларымен қоса, SMARTSHIELD интеграцияланған автономды ситуациялық ескерту жүйесін ұсынады. DefSecIntel жүйелері зияткерлік жасанды интеллект алгоритмдерімен жабдықталған және автономды энергия көздерінен жұмыс істейді. Жүйелер әртүрлі ландшафтқа, жер бедеріне және ауа-райына арналған. Соңғы 10 жыл ішінде компания 25-тен астам елдегі тұтынушыларға қауіпсіздік пен бақылаудың заманауи шешімдерін ұсынды.