
Іссапар барысында Қазақстанның Елшісі Нұрлан Сейтімов «Силламяэ порты» АҚ Басқарма Төрағасы, Эстонияның Ірі кәсіпкерлері қауымдастығының Басқарма мүшесі Тиит Вяхи мырзамен, «Silport Kinnisvara» Басқарма мүшесі Тынис Сеесмаа және «Silsteve» Бас директоры Яанус Паас мырзалармен кездесті.
Сапар барысында Н.Сейтімов Силламаэ портының қызметімен танысты.
Тараптар Қазақстан мен Эстония арасындағы өзара іс-қимылдың көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту мәселелерін талқылады.
Анықтама: Силламаэ порты Эстонияның солтүстік-шығысында, Еуропалық Одақ пен Ресей Федерациясының шекарасынан 25 км қашықтықта орналасқан. Бұл Балтық теңізіндегі Еуропалық Одақтың шығыс порты. Силламаэ порты Нарва шығанағының жағалауында орналасқан және жыл бойына навигация үшін ашық.