
Палдиски қаласына іс-сапар барысында Қазақстан Елшісі Н.Сейтімов Ляяне-Харью ауданының басшысы Я.Саат мырзамен, Палдиски портының басшылығымен және Палдиски қаласындағы Кәсіпкерлер одағының басқарма төрағасы Н.Пичуговпен кездесті.
Сапар барысында Н.Сейтімов Палдиски портының және Палдиски қаласының Кәсіпкерлер одағының қызметімен танысты.
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан мен Эстония арасындағы өзара іс-қимылдың көліктік-логистикалық әлеуетін талқылады.
Кездесу қорытындылары бойынша әңгімелесушілер Қазақстан мен Эстония кәсіпорындары арасындағы сауда мен ынтымақтастықтың жандануы екі елдің прагматикалық мүдделеріне жауап беретіндігін атап өтті. Осыған байланысты тараптар бірқатар перспективалы қазақстан-эстон экономикалық жобаларын жүзеге асырудың ортақ қадамдары туралы уағдаласты