Қазақстан елшісі Эстония ұлттық операсының директорымен кездесті

Қазақстан елшісі Эстония ұлттық операсының директорымен кездесті

Таллинн, 2024 жылғы 21 маусым - Қазақстан елшісі Алтай Көлгінов Эстония ұлттық операсының бас директоры Отто Маатенмен кездесті. Эстония мен Қазақстан арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастықты тереңдету бойынша бірлескен жұмыс кездесудің басты тақырыбы болды. Басқа мәселелермен қатар Эстония мен Қазақстанның театр және мәдени ұйымдары арасындағы әріптестік қатынастарды дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Аталған  жұмыстың барысында екі ел арасындағы мәдени алмасудың кең перспективалары ашылады, оған әншілердің концертін ұйымдастыру мен шығармашылық ұжымдардың әртүрлі форматтағы гастрольдері кіреді. Кездесу соңында О. Маатен елші А. Көлгіновті Эстония ұлттық операсының күнделікті жұмысымен және оның тарихи ғимаратымен таныстырды.