Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Эстония кәсіпорындарының басшыларымен кездесті

Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Эстония кәсіпорындарының басшыларымен кездесті

Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Балтық Орталық Азия сауда палатасы Кеңесінің Төрағасы Рауль Уус мырзамен және Басқарма мүшесі Калвер Каппермен, «Universal import&export» және «Unex Logistic Systems» компанияларының атқарушы директорлары Ивар Липсмяе және Хейти Рааг мырзылармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан мен Эстония арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ауыл шаруашылығы, логистика және жасыл технологиялар саласындағы өзара ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін растады.