
Ү.ж. 2 шілдеде Палдиски қаласында Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі күнінде, Харьюмаа, Ида-Вирумаа, Тартумаа және Ляяне-Вирумаа аумақтары консулдық округімен Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы салтанатты түрде ашылды. Мекеме басшысы болып Эстония Парламентінің экс-депутаты, «Talinna Linnatranspordi» АҚ басқарма төрағасы - Денис Бородич тағайындалды.
Қазақстан Елшісі Нұрлан Сейтімов өз сөзінде Құрметті консулдықтың ынтымақтастықтың барлық бағыттарындағы Қазақстан-Эстония қатынастарын дамытудағы, әсіресе елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы, сондай-ақ еліміздің азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы маңызды рөлін атап өтті.
Іс-шараға Ляяне-Харью ауданының басшысы Янус Саат мырза, Палдиски теңіз портының басшылығы, дипломатиялық корпустың, Эстония Парламентінің (Рийгикогу), аймақтың іскер топтары мен жергілікті басқару органдарының өкілдері қатысты.