Елші Нұрлан Сейтімов Таллинн қаласындағы «ElectroAir» компаниясында болды

Елші Нұрлан Сейтімов Таллинн қаласындағы «ElectroAir» компаниясында болды

2020 жылдың 18 маусымда Елші Н.Сейтімов Таллинн қаласындағы «ElectroAir» компаниясында болды.

Бұл кәсіпорынның қазақстандық серіктестермен бұрыннан келе жатқан іскерлік байланыстары бар. Авиация саласына арналған электр жабдықтарының зауыты 45-тен астам елге жеткізіледі.

«Эйр Астана», «Скат» авиакомпаниялары және бірқатар қазақстандық әуежайлар Эстонияның электр жабдықтарын сәтті пайдалануда.

Кәсіпорынның вице-президенті А.Скребнев зауыт қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

Елші Н.Сейтімов бірқатар әуежайлардың құрылысы мен қайта құрылуына байланысты компанияның Қазақстандағы қызметін кеңейту үшін алғышарттар бар екенін атап өтті.