Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Эстонияның дипломатия мектебінінің директорымен кездесті

Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Эстонияның дипломатия мектебінінің директорымен кездесті

2020 жылғы 10 маусымда Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Эстонияның дипломатия мектебінде болып, оның директоры Экке Ныммен кездесті.

Кездесу барысында дипломатиялық кадрларды даярлау бойынша өзара тәжірибе алмасу және тараптардың дипломаттарын тиісті оқу орындарында өзара оқыту мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде, Елші Н.Сейтімов Экке Нымм мырзаға Қазақстан Республикасының Президенті лауазымында Қ.Тоқаевтын алғашқы жылындағы елде болып жатқан саяси және экономикалық процесстер туралы, сондай-ақ ішкі саяси реформалар туралы хабарлады.

Анықтама: Эстония дипломатия мектебі 1990 жылы Эстония Сыртқы істер министрлігіне білікті кадрлар даярлау мақсатында құрылды. Қазіргі уақытта ESD стипендиялық бағдарламасы Шығыс серіктестігі мен Орталық Азиядан Африка, Азия және Кариб теңізіне дейінгі әлемнің көптеген елдерінен студенттерді қабылдайды.