Консулдық бөлімнің жұмысты қайта бастауы туралы

Консулдық бөлімнің жұмысты қайта бастауы туралы

Құрметті азаматтар!

Қазақстан Республикасының Таллинндегі Елшілігінің консулдық бөлімі 2020 жылғы 3 маусымнан бастап азаматтарды консулдық және мемлекеттік қызметтер бойынша шектеулі режимде қабылдауды қалпына келтіреді.

Консулдық бөлім жұмысы келесі кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады:
Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма
сағат 10:00 бастап сағат 12:30 дейін – құжаттарды қабылдау мен беру.

Консулдық қызметтерді тек алдын ала Телефон бойынша жазылу арқылы және сақтық пен әлеуметтік қашықтық шараларын сақтаған жағдайда берілетініне назар аударуды сұраймыз.

Қазақстан Республикасының азаматтарынан келіп түсетін шұғыл және жедел сипаттағы өтініштер Консулдық бөлімнің шұғыл +372 6622926, +372 53765350 байланыс телефондары арқылы бұрынғы режимде қабыланады.

Сондай-ақ елде карантиндік шектеулер кезеңінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібімен мұқият танысуды сұраймыз (http://knb.gov.kz).

Қазақстан Республикасына халықаралық рейстердің қайта басталуы туралы нақты ақпаратты Азаматтық авиация комитетінің сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation?lang=en) бақылауды сұраймыз.

Қосымша ақпарат:
тел. +372 6622926
эл.пошта: tallinn@mfa.kz