Біржақты визасыз режимді уақытша тоқтата тұру туралы

Біржақты визасыз режимді уақытша тоқтата тұру туралы

Қазақстан Республикасының аумағында COVID-19 коронавирус инфекциясының бұдан әрі таралуын алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі 57 елдің, соның ішінде Эстония Республикасының азаматтары үшін біржақты визасыз режимді тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ, Қытай Халық Республикасының және Үндістан Республикасының азаматтары үшін Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен келетін 72 сағаттық визасыз режим тоқтатылды.

Жоғарыда аталған өзгерістер 2020 жылғы 17 сәуірден бастап 2020 жылғы 1 қарашаға дейін қолданыста болады.

Көрсетілген кезеңде Қазақстан Республикасының визалары ҚР визаларын берудің қолданыстағы ережесіне сәйкес ресімделетін болады.

Маңызды! Виза алушы виза алуға өтініш берген сәтке дейін 48 сағат ішінде коронавирустық инфекцияның жоқтығы туралы берілген медициналық анықтама болған кезде ғана визалар беріледі.